Педагогикалық әдеп
Көктал жалпы білім беретін мектебінде әдеп кеңесінің отырыс өткізілді. Жиын барысында Әдеп кеңесінің құрамын бекіту және жылдық жұмыс жоспарын талқылау мәселелері қаралды. Отырыста мектеп директоры Ж.Ж.Кунанбаев педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, қызметтік қарым-қатынаста әдептілік пен өзара сыйластықты қалыптастыру және білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылуды айтып өтті. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ш.Жакупова Әдеп кеңесінің алдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқылады. Педагогтер арасында педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Әдеп кеңесінің жұмысы – білім беру ұйымында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға, педагогикалық әдепті сақтауға және кәсіби мәдениетті арттыруға бағытталған.